Басты Жаңалықтар БҚО-да адасып кеткен малшы бір күннен кейін табылды

БҚО-да адасып кеткен малшы бір күннен кейін табылды

Батыс Қазақстан облысында адасып кеткен малшы бір күннен кейін аман-есен табылды. Оқиға Жаңақала ауданы Бірлік ауылдық округіне қарасты «Өтепқали» шаруа қожалығында болған. 54 жастағы тұрғын бес шақырым қашықтағы құдыққа мал суаруға шығып, содан оралмаған. Ұялы телефонын да алмаған. Малшының жоғалып кеткені жайлы хабар полицияға бір күннен кейін түскен. Төтенше жағдайлар департаменті, әскери бөлімнің батальоны, полиция, жергілікті атқарушы орган өкілдері мен тұрғындар дереу іздеуге кіріскен. «Қазавиақұтқару» мекемесінің Ми-8 тікұшағы да әуеге көтерілген. Ер адам сол күні 30 шақырым жердегі Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округіне қарасты Бахас қыстауынан табылған. Дін аман. Төтенше жағдайлар департаменті қолайсыз ауа райы кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды ескертеді.

Бөлісу