Республикалық бюджет қайда және қалай жұмсалып жатыр?
Республикалық бюджет қайда және қалай жұмсалып жатыр? 11 айда ел экономикасында оң динамика бар ма? Бүгін Үкімет отырысында осы мәселелер кеңінен талқыланады.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
кімет отырысы басталды. Ұлттық экономика министрлігінің дерегіне сүйенсек, өткен 11 айда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,4 пайызға өскен. Атап айтқанда, тауарлар өндірісі 8,3 пайызға, қызмет көрсету 5,3 пайызға артқан. Тартылған инвестиция көлемі 18 трлн теңгеден асты. Қысқаша айтсақ, ЖІӨ-нің өсуіне өнеркәсіп, сауда және көлік салалары серпін берген.
Нақты көрсеткіштер мынадай. Бүгінгі отырыста республикалық бюджеттің атқарылу барысы да кеңінен талқыланады. Есеп беріледі. Қазынадан алынған әрбір тиынның қайда және қалай жұмсалып жатқаны белгілі болады. Сондай-ақ жиында еліміздің оңтүстік аймақтарын сумен қамтамасыз ету мәселесі де қаралады. Бұған дейін Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев оңтүстік аймақтарда алдағы вегетация кезеңінде су тапшылығы болуы мүмкін екенін ескертіп, Су ресурстары министрлігі судың «қара нарығын» жоюға бағытталған іс-шаралар жоспарын әзірлеуі тиіс екенін айтқан еді. Бұл туралы толығырақ алдағы шығарылымдарда айтамыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы