Елордада алдағы үш тәулікте аяз болады
Бас қалада бүгін ауа райы сан құбылды. Таңда қар жауса, түсте ақ түтек боран соқты. Ал қазіргі ахуалды студиямен тікелей байланысқа қосылған әріптесім Асылбектен білейік.
Асылбек Данияр, тілші:
Қазір сынап бағынасы -10 градусты көрсетіп тұр. Дегенмен -21 градус секілді сезіледі. Синоптиктер елордада алдағы үш тәулікте аяз болады деген болжам айтып отыр. Температура күндіз 13, ал түнде 16 градусқа дейін төмендейді. Яғни, әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады. Кешегі жаңбыр аралас қардан соң жол көктайғақ. Таңнан бері 200-дей адам травматологиялық пункттерге көмек сұрап барған. Десе де бұл зардап шеккендердің бәрі мұзға тайып құлғандар емес дейді дәрігерлер. Олар тұрғындарды сақ болуға, таймайтын аяқ киім киюге кеңес береді. Сондай-ақ қазір ауа райының тұрақсыз болуына байланысты 8 облыстағы 20-ға таяу республикалық маңызы бар жол жабылған. «Қазавтожол» компаниясының өкілдері, шектеу таңғы сағат 8-ге дейін болатынын хабарлады. Сонымен бірге көлік жүргізшілерін алыс жолға шықпауға шақырды.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық өнердің ұстаханасы жаңартылады
27.07.2026, 20:58
Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
27.07.2026, 20:56
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
27.07.2026, 20:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Халықаралық командалар Астанаға жинала бастады
27.07.2026, 20:04
БҚО-да 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
27.07.2026, 20:04
Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста
27.07.2026, 20:03
«Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғи аумақтар тазартылды
27.07.2026, 20:02
Маңғыстаудың жартас мешіттері Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылды
27.07.2026, 20:01