Астанада үздік еріктілер марапатталды
Астанада «Amanat» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының Республикалық сыйлығы табысталды. Биыл бесінші рет ұйымдастырылған шарада қоғамдық бастамаларға айрықша үлес қосқан еліміздің ең белсенді жас азаматтары марапатталды. 18 бен 35 жас аралығындағылар арасындағы байқауға 500-ден астам өтінім келіп түсті. Жалпы, осы жылдар аралығында 100-ге жуық жас «Рухтастар» сыйлығының иегері атанды. Әр марапат – еңбекпен келген жетістіктің және тынымсыз ізденістің нағыз үлгісі. Үздіктер «Нұрлы ақыл» үздік жас ғалым, «Қайсар» жыл батыры, «Ыстық қайрат» еңбек адамы, «Жылы жүрек» жыл еріктісі сынды бірнеше номинация бойынша марапатталды.
Баймұрат Сексенбек, «Рухтастар» сыйлығының иегері:
Белсенді «Рухтас» номинациясын алдым. Өте қуаныштымын. Ақмола облысы Көкшетау қаласының белсендісімін. Бұл әріптестерімнің де жемісі деп есептеймін.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01