Басты Жаңалықтар Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды?

Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды?

Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды?

Қазақстанда 2025 жылдың қорытындысы бойынша жалпыұлттық әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Ұлттық талдау орталығы ұйымдастырған зерттеуге елдің барлық өңірінен 1000 респондент қатысты.
Сауалнама нәтижесіне сәйкес, респонденттердің 37%-ы 2025 жылды табысты деп бағаласа, 52%-ы оны жалпы тұрақты кезең ретінде сипаттаған. Ал 71%-ы елдің даму бағытына оң баға берсе, 77%-ы Президент қызметіне қолдау білдірген.
Биылғы айтулы оқиғалар қатарында Абайдың 180 жылдығы, Жеңістің 80 жылдығы, Конституцияның 30 жылдығына арналған іс-шаралар аталды. Халықаралық деңгейде Президенттің АҚШ пен Қытай басшылығымен өткізген кездесулері маңызды оқиғалар ретінде көрсетілген.
Жаңа мектептер мен ауруханалардың ашылуы, инфрақұрылымның жаңаруы және жасанды интеллект саласындағы жобалар да жұртшылық назарын аударған. Сондай-ақ спорт және мәдениет саласында «Қайрат» - «Реал Мадрид» тарихи матчы, қазақстандық спортшылардың жетістіктері, JLo мен Backstreet Boys сынды әлемдік жұлдыздардың концерттері жылдың жағымды оқиғалары қатарында.

Бөлісу