Әрбір бесінші қазақстандық кәсіпкерлікпен айналысады
Әрбір бесінші қазақстандық бизнес саласында жұмыс істейді. Президенттің шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру – Үкіметтің басым бағыттарының бірі. Қабылданған шаралардың нәтижесінде саланың ел экономикасына қосқан үлесі тұрақты түрде артып келеді. Бүгінгі таңда барлық кәсіпкерлік субъектінің 99,9%-ы микро және шағын компаниялар. Онда 4,4 млн-нан астам адам жұмыс істейді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 3,9%-ға артық. Шағын және орта бизнес еліміздегі барлық экономикалық белсенді халықтың жартысына жуығын құрайды. Биыл «Өрлеу» жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасы іске қосылды. 482 млрд теңгеге 1 700-ден астам жоба қаржыландырылды. Динара Таженова, ҚР ҰЭМ кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаменті директорының орынбасары:
Шағын және орта бизнеске арналған кепілдік қоры 7 млрд теңгеге дейін жобаларды
және ірі инвестициялы жобаларға арналған кепілдік қоры. Екінші кепілдік қоры 7
млрд теңгеден басталатын жобаларды қаржыландыруды қамтиды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы