Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп Қожа Ахмет Яссауи, Әл Фараби сынды тарихи тұлғалар жайлы кино түсірмек
Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп Қожа Ахмет Яссауи, Әл Фараби сынды тарихи тұлғалар жайлы кино түсірмек. Бұл туралы Ташкентте өткен «қазақ киносының күндері» барысында айтылды. Екі күнге созылған шара көрермендер үшін нағыз мерекеге айналды. Толығырақ келесі бейнематериалда.
Қазақ киносының күндері Ташкенттегі ұлттық киноөнер сарайында ашылды. Оған Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі, өнер саласының өкілдері мен киносүйер қауым қатысты. Екі елдің мәдени байланысын нығайтуға бағытталған шараға отандық актерлердің арнайы келуі жиналғандарға қуаныш сыйлады.
Бақытжан Әлпейісов, актер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
Киноның жөні бір бөлек, әрқашан халықтардың тығыз байланыста болуына мәдениетін, тілін, дәстүрін білуіне көптен көп ықпал жасайды. Кино өнерін бірлесе қолға алуға еш кедергі жоқ.Қазақстандық киногерлер екі күн ішінде өзбекстандық көрерменнің назарына «Әміре», «Дос-Мұқасан» және «Паралимпиадашы» фильмдерін ұсынды. Қазақтың біртуар тұлғасы, әнші Әміре Қашаубаевтың өмірі мен өнері туралы «Әміре» фильмін жиналған қауым ерекше ықыласпен тамашалап, жоғары баға берді.
Гүлзада Бұхарбаева Ташкент қаласының тұрғыны:
Киноны көрдім өте ұнады, Әмірені танымайтын едім бұрын, бүгін көріп өміріне, өнеріне қанықтым. Әміренің өзін көргендей болдым, өте күшті тамаша.Шараны Қазақстанның Өзбекстандағы Елшілігі, «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» мен Өзбекстанның кинематография агенттігі ұйымдастырған. Келесі жылы екі ел бірлесіп, тарихи тұлғалар жайлы ауқымды фильм түсіруді жоспарлап отыр. Тәуелсіздік алған соң аздап бәсеңдеп қалған кино индустриясындағы байланыс енді қайта жанданады десті жиналғандар.
Автор
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
11.08.2026, 21:30
Марафоншы Құрылтай сайлауына дейін 1300 шақырымды бағындырмақ
11.08.2026, 20:22
Абай – қазақтың қазынасы
11.08.2026, 20:16
Жерасты мешіттері – әлемдік мұра
11.08.2026, 20:10
Жыл соңына дейін 190 мың автокөлік құрастырылады
11.08.2026, 20:09
Экс-президент Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
11.08.2026, 20:05
Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
11.08.2026, 20:05
Жұмыс тобы сайлау учаскелерінің дайындығын арнайы мониторингтен өткізді
11.08.2026, 20:05