Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына шолу

Әлем жаңалықтарына шолу

Еуропа комиссиясының басшысы АҚШ президенті Дональд Трампты Еуропа істеріне араласпауға шақырды. Урсула фон дер Ляйен мұндай мәлімдемені Құрама Штаттар лидері Politico басылымына берген сұқбатында Еуропаны «ыдырайтын» елдер тобы, ал осы мемлекеттердің президенттері мен премьер-министрлерін «осал» деп атағаннан кейін жасап отыр.

Украинада сайлауды атыс тоқтағанда ғана өткізуге болады. Мұны президент Владимир Зеленский мәлімдеді. Тағы бір сөзінде Зеленский бейбіт жоспардың Вашингтонға жіберілгенін растап, Донбассты Ресейге беру туралы ұсынысты Киевтің қабылдамайтынын ескертті.

Жапонияның солтүстік-шығысында бүгін таңертең қуаты 6,7 балдық жер сілкінісі болды. 6 мыңдай тұрғынға көшуге кеңес берілген. Дегенмен, дүмпуден кейін бірнеше сағат өткенде қауіп сейіліп, цунами жайлы дабыл доғарылды.

Американың «Тайм» журналы жасанды интеллектінің негізін қалаушыларды «Жыл адамы» деп атады. Басылым авторларының ойынша, бұл адамдардың қарым-қабілеті озық технологияның күшімен ойлауға қауқарлы машиналар дәуіріне жол ашып отыр.

Бөлісу