Қазақтың мәдени мұралары ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұра тізіміне енді
ЮНЕСКО Қазақстанға материалдық емес мәдени мұраны сақтау үшін халықаралық техникалық грант бөлді. Соның арқасында қазақтың киіз үйі, күй, ұлттық ойындары сияқты құндылықтары ұйымның материалдық емес мұралар тізіміне енгізілді. Бұл заттай жәдігер емес, қазақтың болмысын, дәстүрін және рухани мәдениетін көрсететін бірегей мұралар. Ұлттық кітапханада бөлінген гранттың іске асу барысы талқыланды. Жиынға пилоттық жобаға қатысушы өңірлердің өкілдері және ЮНЕСКО кураторлары мен ғалымдар қатысты. Қазір Атырау, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қызылорда облыстарында мұра элементтерін қайта түгендеу, жергілікті халыққа кеңінен таныстыру жұмыстары жүріп жатыр. Бастама ұмыт бола бастаған ұлттық дәстүрлерді қайта жаңғыртуға бағытталған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06