Басты Жаңалықтар Заманауи зертханалар мен инфрақұрылым ғылымды алға жетелейді

Заманауи зертханалар мен инфрақұрылым ғылымды алға жетелейді

Елімізде ғылыми орталықтардың жұмысын арттырып, зертхана инфрақұрылымын күшейту маңызды. Әсіресе, заманауи технологияларға негізделген тәжірибе алаңын көптеп ашу керек. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан жас ғалымдардың конгресінде айтылды. Шарада 100-ден аса үздік жас зерттеуші баяндама жасады. Конгресс жұмысының нәтижесі бойынша нақты ұсыныстар жинақталып, қарар қабылданады, дейді ұйымдастырушылар. Жиынға 1000-нан аса жас ғалым қатысып, соның ішінде шетелде жұмыс істеп жүрген ізденушілер сөз сөйледі. Солардың бірі – Мұхит Құлмағанбетов. Ол Канада мен Гонконгтағы кванттық оптика зертханаларында офтальмологияға арналған жаңа технологияларды әзірлеуге қатысып, көрсоқырлықтың алдын алуға бағытталған инновациялық шешімдерді зерттеп жүр.

Мұхит Құлмағанбетов, Гонконгтың көз және көру ғылыми зерттеу орталығы зертханасының меңгерушісі, дәрігер-офтальмолог:

Кванттық зерттеулер үшін зертхананы құрастыру үлкен қаражатты талап етеді. Біріншіден, қаржыландыру, екінші жағынан инфрақұрылым маңызды. Біз ғылыми саябақта жұмыс істейміз. Ол жерде тек біз ғана емес, әлемнің топ-100 университеттері де шақырылып, барлық жағдай жасалған. Қаржымен қатар адами ресурстарға да ерекше көңіл бөлінеді.


Бөлісу