Жамбыл облысында қар құрсауында қалған 19 адам құтқарылды
Жамбыл облысы, Қордай ауданында қар құрсауында қалып қойған 19 адам құтқарылды. Олардың біреуі – бала. Суыра соққан жел «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізіне қалың қар үйіп тастаған. Салдарынан жолаушылар мінген жеңіл көліктер жүре алмай қалған. Автокөлік жүргізушілері жолдардың жабылуы туралы ескертулерді елемеген.
Сондай-ақ полицейлер қатты аяз салдарынан жанармайы қатып қалған жолаушылар автобусына көмек көрсетті. Қазір Қордай ауданындағы автожолдарда шамамен 700-ге жуық автокөлік тұр. Өйткені кеше қатты боран салдарынан жаңа және ескі Қордай асуы барлық көлік түрлері үшін жабық болды. Ал Түркістан облысы бағытындағы автожол ашық.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06