Әлеуметтік сақтандыру қорынан 216 млрд теңге тиімсіз жұмсалған
Соңғы 5 жылда орташа зейнетақы 45%-ға, мемлекеттік жәрдемақылар 58%-ға өскен. Ал әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдер 2,5 есе артқан. Дегенмен мемлекеттік тексерістің нәтижесінде жүйеде бірқатар мәселе бар екені белгілі болды. Кейбір азаматтар жүктілік бойынша төлем алу үшін кірісін көбейтіп, жалған жұмыс орындарын көрсеткен. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтитындардың зейнетақы жарналары тұрақсыз. Бұл болашақта төлемнің аз болуына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар қайтыс болған немесе елден ұзақ кеткен адамдар туралы ақпарат толық емес. Жалпы аудиторлар саладағы 46 кемшілікті әшкереледі. Негізгі мақсат – зейнетақы мен әлеуметтік төлемдердің тиімділігін арттыру, деректер алмасуды жетілдіру және активтерді дұрыс басқару.
Нұрлан Нұржанов, ҚР Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі:
Нақтырақ айтатын болсақ, 5 млн теңгеге жуық қаржылық бұзушылықтар анықталды. Сонымен қатар 216 млрд-тан астам ақша бюджеттің қаржыларын тиімсіз пайдалану мен жоспарлау мәселесі бойынша орын алып отыр. Сонымен қатар тиісті заңнама талаптарын сақтамау фактілері анықталды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы