Қарағандыда 12 жастағы бала қоршаған ортаны қорғауға шақырады
12 жастағы жеткіншек ел тұрғындарын қоршаған ортаны қорғауға шақырады. Қарағандылық Платон Нечаев бүгін елордада «Платонның сиқырлы әлемі» атты авторлық экологиялық кітаптар сериясын таныстырды. Жас өрен 10 жасынан қаламды жанына серік етіп, түрлі ертегі құрастырады. Бүгінде 10-шақты туындысы жарық көрген. Ең алғашқы шығармаларын өзі туған Қарағанды облысының экологиялық ахуалына арнапты. Содан бастап табиғатты аялауға қатысты шытырман оқиғаларды жазып, жұртты жақсылыққа үндеп жүр. Озық ойлы баланың кітабының тұсаукесері Қазақстан Парламенті Сенаты жанындағы Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі акселераторлар жұмысы аясында өтті.
Платон Нечаев, оқушы:Ең алғаш бір байқауға қатысу үшін ертегі құрастырып көрдім. Өзіме ұнады.
Солай шығармашылық басталып кетті. Жалпы,
мәтіндерді өзім жазамын, ал суреттерді жасауға жасанды интеллект көмектеседі.
Жазу өзгелер ойлағандай оңай емес. Басында
идея көп еді, 1 ертегіні құрастыруға 1 аптадай уақыт кететін. Қазір
оданда ұзақ уақыт жұмсаймын. Мен жазған
оқиғалар арқылы өзгелер шабыттанып арманына қадам басқанын қалаймын. Ертегі
арқылы адамдарға ой салғым келеді.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Суару маусымы аяқталуға жақын: Шаруаларға қанша көлемде су берілді?
12.09.2026, 17:51
Қазақстан делегациясы Халықаралық ғарыш саммитіне қатысып жатыр
12.09.2026, 10:08
Өтінімдердің 30%-ын eGov GPT өңдейді
11.09.2026, 20:31
Азиада: Қазақстан туын Е.Сметов пен С.Миркадирова ұстап шығады
11.09.2026, 20:30
Елена Рыбакина US OPEN финалына жолдама алды
11.09.2026, 20:24
«Таза Қазақстан» акциясы аясында эко-квест өтті
11.09.2026, 20:22
ШҚО-да спорт кешені мен жатақхана пайдалануға берілді
11.09.2026, 20:20
Ағза ауыстыру бойынша 100 операция жасалды
11.09.2026, 20:19