«Алматы Су» сатып алған техникаға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Алматыда «Алматы Су» кәсіпорны 295 миллион теңгеге сатып алған арнайы техникаларға тексеру жүргізіліп жатыр. Қоғам белсенділері аталған машиналардың бағасы нарықтағы құнынан төрт есеге қымбат бағаланғанын айтып отыр. Мекеменің мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған мәліметіне сәйкес, жалпы құны 295 миллион теңгеден асатын үш бірлік лайсорғыш және құбыр жууға арналған техника бір көзден сатып алынған. Әрқайсысы 98 миллион теңгеге бағаланған. «Қазақстан заңгерлер одағының» өкілдері мұндай техниканың нарықтағы нақты құны 23 миллион теңгеден аспайды, - дейді. Сатып алуда артық төлем бар деген күдікке байланысты олар тиісті органдарға шағым жолдаған. Қазір бұл факті бойынша Экономикалық тергеу департаменті қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады.
Бауыржан Мақұлбаев, «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ Алматы филиалының директоры:
Электронды түрде конкурс өткізілді. Жеңімпаз болып танылды «Жалайыр Груп» компаниясы деп мәлімет салған. Жалпы есептеп қарағанда 295 миллионның 200-ден астам миллионы қалтаға кетіп отыр. Сол бойынша мен мына экономикалық қылмысқа қарсы департаментке хат жолдаған болатынмын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы