Басты Жаңалықтар Марокконың Фес қаласында екі ғимарат құлап, кемінде 22 адам қаза тапты

Марокконың Фес қаласында екі ғимарат құлап, кемінде 22 адам қаза тапты

Марокконың Фес қаласында екі ғимарат құлап, кемінде 22 адам қаза тапты. Бұл ақпаратты жергілікті прокуратура растады.

Көне шаһарда орналасқан ғимараттардың бірі бос тұрған, ал екіншісінде нәрестенің дүниеге келу құрметіне арналған дәстүрлі мұсылман мерекесі өтіп жатқан.

Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Полицияның мәліметінше, төрт қабатты үйлердің бірінде сегіз отбасы тұрып келген.

Мароккода осындай ірі апат соңғы рет 2010 жылы тіркелген еді. Ол кезде Мекнес тарихи қаласында минарет құлап, 41 адам қаза тапқан болатын.



Бөлісу