«Алматы-Өскемен» автожолының 462-шақырымында ірі жол-көлік оқиғасы болды
«Алматы–Өскемен» автожолының 462-шақырымында ірі жол-көлік оқиғасы болды. Апат орнында төрт адам қаза тапты. Тағы төрт жолаушы ауруханаға жеткізілген. Алдын ала мәліметке сәйкес, ауа райының күрт нашарлауынан жүргізушілердің бірі қарсы бағытқа шығып кетіп, екінші көлікпен бетпе-бет соқтығысқан.
Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері барлық жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтауға шақырады.
Исатай Қайынбаев, Жетісу облысы ПД Сарқан АПБ бастығы:
Болған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция қаза болғандардың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Барлық жүргізушіні жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін және жолаушыларды тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06