Әлем жаңалықтарына шолу
Украина өзіне АҚШ пен одақтастары қауіпсіздік кепілдігін беретін болса, алдағы 60-90 күнде сайлау өткізуге дайын. Мұны президент Владимир Зеленский мәлімдеді. Және де Зеленский бейбіт жоспардың жаңартылған нұсқасын АҚШ-қа бүгін ұсынуы мүмкін екенін хабарлады.
Бүгін Ослода Нобельдің бейбітшілік сыйлығы иегерінің өз қолына табысталмайды. Себебі әйгілі жүлденің биылғы лауреаты – Венесуэла оппозициясының жетекшісі Мария Корина Мачадоның қайда жасырынып жүргенін Нобель институты білмейтін болып шықты.
Таиланд-Камбоджа шекарасындағы шайқас үшінші күнге ұласты. 10 адам қаза тауып, жарты миллионнан астамы үйлерін тастап кеткен. Осындай шақта АҚШ президенті Дональд Трамп телефон соғып, бұл соғысты тоқтата алатынын мәлімдеп отыр.
Газа секторының Израиль бақылауындағы аудандарындағы «Хамас» жаулары қатарына адам жинап жатыр. Олар палестиналық анклавтың болашақ билігінен орын алудан үмітті.
2025 ауа райын бақылау тарихындағы былтырғы абсолюттік рекордттан кейінгі екінші ең ыстық жыл атанбақ. Мұны Еуропа одағының Коперник атындағы Климаттық қызметі хабарлады. Оның дерегінше, биылғы жаһандық орташа температура 1850-1900 жылдардың деңгейінен 1 жарым градусқа асып кеткен.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы