Басты Жаңалықтар Енді 1414 SMS-кодтары қолданылмайды

Енді 1414 SMS-кодтары қолданылмайды

Қазақстанда 1414 қысқа нөмірі арқылы жіберілетін SMS-кодтар енді мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қолданылмайды. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Бас прокуратурамен бірлесіп қауіпсіздікті күшейтіп жатыр. Жаңа ережелер интернет алаяқтардан сақтану мақсатында енгізіледі. Бұрын кейбір мемлекеттік сервистерге бір реттік SMS-код арқылы кіру мүмкіндігі болған. Алайда 1414 хабарламасы арқылы жеке деректерді ұрлау қаупі жоғары. Сол себепті ақпараттық жүйелердің иелеріне SMS-кодтарды қолданбай, қолжетімділік ережелерін қатаңдату тапсырылды. Енді мұндай жағдайды болдырмау үшін 1414 SMS-шлюзін қолданатын барлық ақпараттық жүйелерге кіру тәртібі қатаңдады. Бұл процесстер тек биометриялық аутентификация, электрондық цифрлық қолтаңба немесе eGov QR-коды арқылы ғана жүзеге асады. Биыл желтоқсаннан бастап көрсетілген міндетті талаптарды енгізбеген жүйелер 1414 SMS-шлюзінен ажыратылды.

Бұған дейін министрлік 1414-тен келетін кодтың несие рәсімдеуге тікелей қатысы жоқ екенін ескерткен. Бұл – тек психологиялық айла. Алаяқтар SMS-кодты сенімге кіру үшін пайдаланады. Соның салдарынан ақпарат ұрланып, микрокредит рәсімдеуге қолданылуы ықтимал, - дейді жауаптылар.


Бөлісу