10 боксшымыз ширек финалға шықты
Қазақстандық 10 былғары қолғап шебері ширек финалға шықты. Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында Халықаралық бокс қауымдастығының ұйымдастыруымен ерлер арасында Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Дүбірлі додада 51 келі салмақта Даниял Сәбит Кобо верделық қарсыласын ұпай саны бойынша ұтса, 54 келіде сынға түскен Сәкен Бибосынов танзаниялықтан мықты екендігін байқатты. Ал 57 келіде Оразбек Асылқұов эсватинилық қарсыласын сұлатып салды. Сондай-ақ Ертуған Зейнуллинов пен Абылайхан Жүсіпов өте тартысты жекпе жекте белоруссиялық қарсыластарының осал тұсын тауып, ширек финалға жолдама алғандардың қатарын толықтырды.
Қайрат Сәтжанов, бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері:
Өте жауапты күн. 10 боксшымыз жұдырықтасады. Сол жігіттердің бәріне сәттілік, жеңіс тілейік. Қолдауларыңызға көп рахмет. Жеңісті күндеріміз көп болсын.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06