ШҚО-да қарлы бораннан бірнеше жол жабық тұр
Шығыста кешелі бері күн райы құбылып тұр. Өткен түннен бері өңірде республикалық маңыздағы 4 және облыстық дәрежедегі 1 бағыт жабық. Қарлы бораннан жол мүлде көрінбейді. Сондықтан «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының қызметкерлері шектеу енгізді.
Облыстың таулы аудандарында қарлы боран соғып тұр. Ал оңтүстік аумақтарда көктайғақ. Осыған байланысты өңірлік төтенше жағдай департаменті халыққа ауа райы ашылғанша, боран басылғанша алыс жолға шықпау туралы ескертіп, сағат сайын хабарлама таратып жатыр.
«Қазгидромет» орталығы ел бойынша бүгіннен бастап күн райы жаппай күрт суытатынын хабарлады. Оңтүстік облыстарда ауа температурасы 10–13 градусқа төмендесе, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде түнде –25…–27, күндіз –20…–25 градусқа дейін аяз болады. Ал батыста жел күшейеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы