Литва үкіметі төтенше жағдай жариялады. "Рейтердің" мәліметінше, бұған ел аумағына Беларусь жақтан әуе шарларының ұшырылуы себеп болған. Литва билігі бұл шарларды заңсыз шылым тасымалдаған контрабандашылар ұшырды деп мәлімдеді.
Бұл жағдай Вильнюс әуежайының жұмысына кедергі келтірген. Алайда Беларусь тарапы өздерінің бұған қатысы барын жоққа шығарып отыр.
Литва үкіметі жағдайды бақылауға алу үшін полиция мен шекара қызметімен бірге әскерилерді де жұмылдыруды сұрады. Парламент құптаса, армия шекарада тексерісті қатаң жүргізіп, қажет болса, күдіктілерді тұтқындай алады.