Австралияда әлеуметтік желіге қатысты тыйым күшіне енді
Австралия әлемде алғаш болып 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салды. Заң бүгіннен бастап күшіне енді. Балалар бұдан былай TikTok, YouTube, Instagram және Facebook желілеріне кіре алмайды.
Австралия үкіметі жалпы алғанда 10 ірі онлайн платформаға 16 жасқа толмаған пайдаланушыларды бұғаттауға бұйрық берді. Бұған құлақ аспаған компанияларға 33 млн доллар айыппұл салынады.
Жаңа заң ірі технологиялық компаниялар мен сөз бостандығын қорғаушылардың сынына қалды. Ал ата-аналар мен балалар құқығын қорғаушы топтар бұл бастаманы қолдап отыр.
Енді Дания, Жаңа Зеландия және Малайзия тәрізді бірнеше ел Австралияның үлгісін зерттеп, бұл тәжірибені енгізуге ниетті екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06