Санаулы минуттан соң «Қайрат» - «Олимпиакос» матчы басталады
Санаулы минуттан соң Алматының «Қайрат» футбол клубы мен Грекияның атақты «Олимпиакос» командалары арасындағы матч басталады. Бұл еуропалық турнирлерде тәжірибесі мүлде алшақ екі ұжымның арасындағы ерекше ойын болмақ. UEFA Чемпиондар Лигасының алтыншы туры аясындағы тарихи ойын «Астана Арена» стадионында өтеді. Дәл қазір әріптесім Ернұр Медет жасыл алаңнан ақпарат таратуға дайын. Ернұр аренадағы атмосфера қалай?
Ернұр Медет, тілші:
Көріп тұрғандарыңыздай Астанадағы ауа райына қарамастан стадион жанкүйерлерге толы. Қыс келмей кетті деген бас қаламызда енді ғана ызғар сезіле бастады. Дәл осы суық климат ойын нәтижесіне әсер етеді,-дейді сарапшылар. Одан бөлек жасанды алаң және «Олимпиакос» құрамасының ұзақ сапарды артқа тастап келгенін ескерсек, жеңіске жетуге мүмкіндік бар. Енді салыстырмалы түрде қарасақ, бір жақта – құрлықтық додаларда тұңғыш қадамдарын жасап жатқан қазақ клубы, екінші тарапта – Еуропада талай шыңдарды бағындырған, 2023-2024 жылы Конференция лигасын жеңіп алған Грекия алпауыты...
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06