Басты Жаңалықтар Түркістан облысында импортты алмастыратын 20 жоба іске асырылады

Түркістан облысында импортты алмастыратын 20 жоба іске асырылады

Түркістан облысында импортты азайту мақсатында 20 ірі жоба іске асырылады. Бұл жыл сайын шамамен сырттан келетін 53 млрд теңгенің өнімін жергілікті тауармен алмастыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы өңір әкімі Нұралхан Көшеров айтты. Сондай-ақ Өзбекстанмен шекаралас аумақта құрылған 100 гектарлық Орталық Азия халықаралық кооперация орталығы – өңірдің жаңа экономикалық драйверіне айналмақ. Бұл жобаға 185 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған. Мыңнан аса маман жұмыспен қамтылмақ. Ауыл шаруашылығында мақта, жүгері және ет бағытындағы кластерлер жүйелі дамып келеді. Биыл мақта алқаптарында жаңа технологияның арқасында өнімділік 45 центнерге жетті.  Бұл бағыт өңірдің ауыл шаруашылығы мен жеңіл өнеркәсібін жаңа деңгейге шығаруы тиіс. Жаңа өндіріс мақта өсіруден бастап – жіп, мата және дайын тоқыма өнімдеріне дейін шығарады. Бұл бастама шаруалардың табысын арттырып, Түркістанды еліміздегі жетекші тоқыма орталықтарының біріне айналдырады, - деді аймақ басшысы.

Нұралхан Көшеров, Түркістан облысының әкімі:
Ауқымды жоспардың бірі – мақта кластерін іске қосатын боламыз және ет кластерін, бағана аталған 3 кластерді толық іске қосамыз. Жалпы өңірлік өнімді біз былтыр 4,2 трлн болатын болса, 26-ның қорытындысымен біз 6 трлн-ға дейін жеткіземіз деген жоспарымыз бар.


Бөлісу