Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады
Жыл басынан бері Ұлттық қордың валюталық активтері 4,8 миллиард долларға өсті. Ал инвестициялық табыс 8 миллиард доллардан асқан. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Ұлттық банк төрағасы мәлімдеді. Тимур Сүлейменовтың айтуынша, қазір Үкімет Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі алдағы үш жылға арналған макроэкономиканы тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыруға кіріскен. Бұдан бөлек Тимур Сүлейменов ведомство баға тұрақтылығын сақтап, инфляцияны орташа 5 пайыздық межеде ұстап тұру үшін барлық қажетті шараны қабылдап жатқанын айтты. Президент Ұлттық банк төрағасына инфляцияны төмендетуге, қаржы нарығы мен цифрлық трансформация секторының тұрақтылығын қамтамасыз етуге баса назар аударып, Ұлттық банк қызметіне қатысты бірқатар тапсырма берді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы