Жамбыл облысындағы 104 елді мекенде арнайы спорт кешені атымен жоқ. Салдарынан шалғайдағы ауыл балалары мектептің шағын спорт залында немесе қосымша тар ғимараттарда жаттығуға мәжбүр. Спорт саласына жауаптылардың айтуынша, бұл ауылдардың басым бөлігінде халық саны аз болғандықтан, ірі кешен салуға негіз жоқ.
Дегенмен алдағы екі жылда тұрғындары аз елді мекендерде шағын спорт нысандары бой көтермек. Биыл облыс бойынша 21 спорт кешені салынып жатыр. Оған бюджеттен 2 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Бірі Шу қаласында пайдалануға берілсе, қалғандары шалғай ауылдарда ашылады. Жалпы, өңірде 2 355 спорт нысаны бар.
Ернұр Кәрібаев, облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары:
Соғуға болмайды деген елді мекендерде міндетті түрде футбол алаңшалары, стритворкаут, ойын алаңшаларын салуға болады. Олар бойынша министрліктен тапсырма келген. Екі жылдың ішінде толық аяқтау керек деген. Ол жоспар министрлікпен бекітілген, ауылдық елді мекендерге таратылған, ұсынылған.