Өзбекстан үкіметі сейсмикалық қауіпсіздікті күшейту бойынша жаңа ережелер бекітті. Енді нысанды жобалау кезінде құрылыстан бөлек, оның орналасатын жерінің тербеліске төзімділігі туралы нақты дерек енгізілуі тиіс.
Талапқа сай биіктігі 9 қабаттан жоғары ғимараттар мен 5 қабаттан жоғары медициналық мекемелер қатаң бақыланады. Сейсмикалық қауіпті аймақтарда орналасқан нысандар оқшауланып, жер сілкінісіне төзімділікті арттыратын амортизаторлармен жабдықталады. Әрбір ғимаратта қорғаныс құралдарының болуы міндеттеледі.
Көрші елде жылына орта есеппен 100-ге тарта жер сілкінісі тіркеледі. Өткен аптада күші 2–3 балдық бірнеше тербеліс болды. Олар негізінен Қырғызстанмен шектесетін Наманган мен Ферғана облыстарында сезілді.