Әлем жаңалықтарына шолу
Бүгін Украина президенті Владимир Зеленский Лондонда Ұлыбритания, Франция, Германия лидерлерімен кездеседі. Келіссөздер барысында Киевтің негізгі одақтастары Украинаға соғысты тоқтату мәселесінде қысым жасап жатқан АҚШ-қа жауап әзірлеуі мүмкін.
Бүгін Сирия 54 жыл билік еткен режимнің құлауының бір жылдығын мерекелеп жатыр. Ахмед әш-Шара бастаған көтерілісшілер Дамаскіні былтыр желтоқсанның 8-де басып алып, Башар Асадты Мәскеуге қашуға мәжбүр етті.
Өткен айда Нигерияда католиктік мектептен ұрланған 250 оқушының 100-ге жуығы бүгін босатылды. Оларды қылмыстық топтар ата-аналары мен биліктен ақша талап ету үшін алып кетуі мүмкін.
Париждің әйгілі Лувр музейінде су ағып, шамамен 300-400 еңбек зақымданды. Бүлінген
дүниенің көбі – кітап. Айта кетсек, қазанның 19-да бұл мекемеден 102 миллион
доллардың әшекей бұйымдары ұрланғаны белгілі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы