Денсаулық сақтау министрі ата-аналарға үндеу жасады
Үш жастағы қыздың өлімінен соң ел бойынша 600-ден астам тіс емдеу мекемесінде жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатыр. Бас прокуратура өкілдерінің есебінше, қазірге дейін 135 стоматологияда тексеру аяқталған. Құзырлы орган тіркелген клиникалардың ішінде 52-сі жұмыс істемейтінін анықтапты. Жалпы, соңғы уақытта жекеменшік стоматологияларда балалардың бірнеше тісін севоран газымен бір мезетте емдеуге қатысты шағым көбейген. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрі әлеуметтік желідегі парақшасына жазба жариялап, ата-аналарға үндеу жасады. Ақмарал Әлназарова мұндай күрделі емшара – қатаң медициналық көрсеткіштер бойынша ғана жүргізілуі тиіс, деп жазды.
Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Ата-аналарды ерекше мұқият болуға шақырамын. Осындай процедураларға келісім бермес бұрын, тәуекелдер, көрсеткіштер және жүргізу шарттары туралы толық әрі ашық ақпаратпен танысу қажет. Баланың қауіпсіздігі әрқашан бірінші орында тұруға тиіс және Денсаулық сақтау министрлігі осы қағидатты қатаң түрде ұстанады.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06