«Қазақы тазы» тұқымының республикалық байқауы өтті
Алматыда «Қазақы тазының» тұқымдық байқауы өтті. Қазақстан кинологтар одағының мәліметінше, бұл сайыс қазақы тазы тұқымын сақтау және дамытуға бағытталған жүйелі бағдарламаның маңызды бөлігі. Мақсат – асыл тұқымды иттердің шыққан тегін нақтылау.
Шара аясында мамандар тазылардың сыртқы пішінін бағалап, арнайы есепке алды. Тәуелсіз сарапшылар бағалаудың ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етті. Талапқа сай келмейтін иттер асылдандыру жұмысына жіберілмейді. Сараптама қорытындысы бойынша шығу тегі туралы куәліктер ресімделеді. Бұл құжаттар болашақта көрмелерге, арнайы сынақтарға және селекциялық жұмыстарға қатысуға заңды негіз болады.
Бауржан Серікқали, Қазақстан кинологтар одағының президенті:
Санымен бірге оның сапасын да көбейтуіміз керек. Бүгінгі шараның мақсаты — құжатсыз жүрген тазыларды анықтап, олардың тұқымдық тазалығын тексеріп, есепке алу. Соны тексергеннен кейін қаны алынады. Генетикалық тұрғыдан сол қаны зерттеледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06