Еліміз бойынша 814 км өзен арнасы тазартылады
2027 жылға дейін жалпы ұзындығы 814 шақырым өзенде тазарту және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Бастама су тасқыны қаупі бар өзендердегі гидрологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі 3 жылдық жол картасының негізінде қолға алынған. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің өкілі хабарлады.
Болашақта тасқынды болдырмау үшін қауіпті су бассейндері толық зерттеліп, ақпарат ортақ жүйеге енгізілген. Мамандар көктемде келуі мүмкін су көлемін алдын ала болжап, ағын суды арнайы орындарға бағыттау арқылы өз қажетімізге жаратамыз деп отыр.
Сейілбек Нұрымбетов, ҚР СРИМ Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы:
Су тасқыны өткен негізгі Жайық, Есіл, Торғай өзендері бойынша да, Нұра өзені бойынша да 2024–25 жылдардағы тасқынның қауіпті деңгейлері анықталып, биометрия жасалды. Қазіргі уақытта оны тиісті министрлік пен Қазгидромет келесі су тасқыны кезеңіне арналған ақпараттық жүйелерге енгізіп берді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06