Таиланд пен Камбоджа арасындағы даулы шекарада қарулы қақтығыс қайта басталды. Тараптар атысты алғаш болып бастады деп бірін-бірі айыптап отыр. Таиланд тарапынан 2 сарбаз қаза тауып, төртеуі жараланған. Ал Камбоджа шабуыл барысында 3 бейбіт тұрғын зардап шеккенін хабарлады.
Екі ел арасындағы шекара дауы ұзақ уақыттан бері шешілмей келеді. Кезекті қақтығыс шілде айында болып, 5 күнге жалғасты. Сол жанжалдан екі жақтан да ондаған адамның өмірі қиылды. Осыдан кейін Таиланд пен Камбоджа Малайзия мен АҚШ президенті Дональд Трамптың араағайындығымен атысты тоқтатып, бітімге келген еді.