Алдағы үш күнде -35 градусқа дейін аяз болады
Алдағы үш күнде -35 градусқа дейін аяз болады. Қазгидромет мамандарының болжамынша, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерге антициклон жүреді. Ертеңнен бастап жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендейді деп болжанып отыр. Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және шығыс өңірлерде минус 30–35 градусқа дейін аяз күтіледі.
Мамандар алыс жолға шықпауды, жол қозғалысына қатысты ақпараттарды 1403 байланыс орталығынан білуді ескертеді. Тәулік бойы жұмыс істейтін орталық жолдардың жабылуына қатысты толық мәлімет береді.
Аружан Мұратова, «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы:
9 желтоқсанда солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерге суық ауа массаларымен ұштасқан солтүстік антициклон жылдам енеді. Ол алдымен еліміздің солтүстік бөлігінде, кейін бүкіл Қазақстан аумағында жауын-шашынның тоқтауын және ауаның күрт суытуын әкеледі. Түнгі уақытта термометр бағандары солтүстік өңірлерде -22–30 градусқа дейін, шығыста -27–35 градусқа дейін, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста -0–20 градусқа дейін төмендейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06