Президент: Азаматтардың нақты табыс табуына жағдай жасау өзекті міндет
Дәстүрлі «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын, «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткен.
Дегенмен күн тәртібіндегі бірінші мәселе – инфляция. Адамдардың табысының азаюы.
Президент те сөзін содан бастады. «Үкімет жүргізіп отырған экономикалық саясат аясында инфляцияны тұрақтандыру және төмендету, сондай-ақ азаматтардың нақты табыс табуына жағдай жасау өте өзекті міндет саналады» деп, алдағы екі жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру үшін «барлық салалық органдар мен әкімдіктер жұмыла жұмыс істеуі қажет» деді.
Сонымен бірге: «...Маған бизнес тарапынан жаңа Салық кодексінің кейбір нормаларын іске асыру мәселесіне қатысты өтініштер түсіп жатыр. Өтініштердің мазмұны баршаға мәлім, олар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануда. Үкімет оларды мұқият саралап, ақылға қонымды шешім табады деп ойлаймын. Анығын айтқанда, басқа жол жоқ. Бұл – мемлекеттік ауқымдағы міндет» деді. Демек, Өкімет жаңа Салық кодексін тағы таразылайды.
Автор
Жайна Сламбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ел жаңалықтарына шолу
25.09.2026, 17:13
Нетаньяху сөз сөйлерде ондаған делегат залдан шығып кетті
25.09.2026, 17:12
Вашингтонда Трамп-Си саммиті аяқталды
25.09.2026, 17:10
Жасанды интеллект мектебі ашылады
25.09.2026, 17:07
«Аналардың жүрегі» сарбаздар аналары кеңесі» көңіл білдірді
25.09.2026, 17:05
Партиялар әскери қызметшілердің жақындарына қаржылай көмек көрсетеді
25.09.2026, 17:04
Дипломатиялық өкілдіктерде ту төмен түсірілді
25.09.2026, 17:03
Қаза тапқан әскери қызметшінің денесі жеткізілді
25.09.2026, 17:02