«Шапағат–2025» Республикалық өнертабыстар байқауының жеңімпаздары анықталды
Астанада «Шапағат» Республикалық өнертабыстар байқауы өтіп, 9 номинация бойынша үздіктер анықталды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, өнертапқыштарды үздіксіз қолдау - жаңа жобалардың көбеюіне сеп болады. Сондықтан мұндай шара дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілуі тиіс. Айта кетейік, жеңімпаздарға елдегі инновациялық ортаны дамытуға қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы» атағы табысталды.
Айдын Артықова, ҚР ӘМ Ұлттық зияткерлік меншік институты директорының орынбасары:
Бүгін номинация алған барлық өнертапқыштардың патенттері жәй ғана патент емес. Бұлардың барлығы Қазақтан территориясында, өнертабыс саласында, ауыл шаруашылығында, әртүрлі ғылым мен техника саласында жұмыс істеп, табыс әкеліп жатқан өнертабыстар.Жұмабай Байнатов, техника ғылымдарының докторы:
Бүгін келіп отырған себебім, «Ең белсенді өнертапқыш» номинациясын маған сыйлапты. Көп көңіл бөлгенім - қазақтың киіз үйі. Қазақтың киіз үйі туралы жазғандар бар, бірақ оның түрі қандай, жалпы суреттеу жағын ғана айтады да, жаңалығы жоқ. Жақында кітап шығады. Бүкіл жаңалық сол жерде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем таныған ақын
18.05.2026, 20:58
«Музей түні – 2026»: Тарих пен мәдениет тоғысқан кеш
18.05.2026, 20:57
Қазақстан музейлері халықаралық ынтымақтастықты күшейтпек
18.05.2026, 20:54
LRT: Мамандар қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертті
18.05.2026, 20:14
Отбасын қолдау орталықтарының жұмысы жаңа форматқа көшеді
18.05.2026, 20:12
Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке 13 бап бойынша айып тағылды
18.05.2026, 20:10
ДДСҰ эболаның өршуіне байланысты төтенше жағдай жариялады
18.05.2026, 20:09
Емханаға тіркелу ережесі өзгереді
18.05.2026, 20:07