Заңгерлердің өкілеті кеңейетін болды
Елімізде заңгерлердің өкілеті кеңеймек. Бүгін Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысында адвокатураны күшейтуге бағытталған бірқатар бастама талқыланды. Ең басты ұсыныс – оларға Конституцияда жеке бап беру. Бұл қадам қорғаушылардың тәуелсіздігін нығайтады. Қазір басты құжатта прокуратураның статусы бар, ал адвокатураның дәрежесі нақтыланбаған. Сарапшылар тепе-теңдікті қалпына келтіру қажет дейді. Сонымен бірге, қазір көптеген шағым тек қағаз жүзінде қалып, ашық талқылаусыз өтеді. Сондықтан ауызша тыңдау тәжірибесін енгізу, тергеу органдары мен қорғаушы арасындағы даулы мәселелерді екеуара диалогта қарастыру да көтерілді.
Тастемір Әбішев, ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия
төрағасының орынбасары:
Себебі адамның басына іс түскен кезде азаматтың ең жақын досы әрі танысы адвокат болып қалады. Егер осылардың біз тәуелсіздігін қамтамасыз етсек, олардың тергеу органдарымен теп-теңдігін, жарыспалығын қамтамасыз етсек, онда нағыз қылмыстық процесс біздің Конституцияның аясында және халықаралық стандарттар бойынша жүргізіледі.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06