Балаева: Волонтерлікті мемлекеттік қолдаудың біртұтас жүйесі қалыптасты
Премьер-министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады. Волонтерлік қозғалыс еліміздегі қоғамдық өмірдің ажырамас бөлігіне айналғанын атап өтті. «Кейінгі жылдары Қазақстанда волонтерлікті мемлекеттік қолдаудың біртұтас жүйесі қалыптасты, ол әрқашан мемлекеттік саясаттың назарында. Дәл бүгін БҰҰ-ның Нью-Йорк қаласындағы Штаб-пәтерінде Орнықты даму жолындағы Халықаралық волонтерлер жылы ресми бастауын алады. Біз аталған жылды жариялау бастамасы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқанын мақтан тұтамыз. Барлық волонтерлерге еліміздің дамуына қосқан үлесі, табандылығы, мейірімділігі мен өз ісіне адалдығы үшін шын жүректен алғыс айтамын» делінген құттықтауда.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06