Басты Жаңалықтар Елімізде жұмысшы мамандықтарына жеңілдікпен баспана берілуде

Елімізде жұмысшы мамандықтарына жеңілдікпен баспана берілуде

Жұмысшы мамандарға жеңілдікпен баспана беріліп жатыр. Егер сіз жұмысшы мамандықтарының өкілі болсаңыз, өтінім бере аласыз. Яғни,  ауыл, орман және балық шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі және өңдеу өнеркәсібі,электр энергиясымен, газ, бу, ыстық сумен және ауаны кондиционерлеумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметі, көлік және қойма, құрылыс сынды салаларда  жұмыс істесеңіз жеңілдікпен баспана алуға өтінім бере аласыз. КСМ: Бағдарлама «Наурыз жұмыскер» деп аталады. Өтініш отбасы банкінің кез-келген бөлімшесінде қабылданады. Бұл жөнінде Сенатта өткен «Жұмысшы кәсіп өкілдері үшін әлеуметтік ынталандырулар жасау» атты жиында мәлім болды.

Матай Жансұлтан, «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

Жұмысшы мамандықтары таңдап алынған. Сол жұмысшы мамандықтарында жұмыс істейтін болса, сол жұмыс беруші орнынан соңғы үш айда бекітілген анықтама формасы бар болуы керек. Анықтама алып келсе, осы бағдарламаға қатыса алады. Бұл бағдарлама бойынша «Отбасы банкте» жүріп жатқан басқа бағдарламалардағыдай конкурстар, іріктеулер ешнәрсе жоқ.


Бөлісу