Футболдан Әлем кубогы Вашингтонға жеткізілді
Әлем кубогы - АҚШ астанасы Вашингтонға жеткізілді. Футболдың ең басты жүлделерінің бірі қаланың көрнекті жерлеріне қойылып, жанкүйерлерге ерекше әсер сыйлап жатыр. Трофей кейін Джон Кеннеди атындағы атақты өнер орталығында таныстырылды. Мұнда FIFA аңызы Рио Фердинанд пен ұйым өкілдері журналистерге салтанатты жиын өтетін залды алғаш рет көрсетті. Ал көптен күткен жаһандық жарыстың жеребе тарту рәсімі ертең болады. Тарихи шараны «Qazaqstan» телеарнасы сағат 22:00-де тікелей эфирде көрсетеді. Алдағы ала доп аламаны қатысушы ел санымен есте қалмақ. Нақтырақ айтқанда, 48 елдің командасы бақ сынайды. Чемпионат 11 маусымда басталып, 19 шілдеде аяқталады.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06