Енді концерттерде фонограмма қолдануға шектеу қойылады
Президент балаларды қорғауды күшейтетін және білім, мәдениет саласында маңызды өзгерістер енгізетін заңға қол қойды. Енді асырап алу мен қамқоршылыққа алу кезінде алдымен туыстары мен отбасылы адамдарға басымдық беріледі. Олардың тамақтануы, тұрғын үйі, медициналық қызметтерді алуын мемлекет қатаң қадағалайды. Сондай-ақ техникалық және кәсіптік оқу орындары өз қызметін рейтинг бойынша бағалайды. Жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелер арнайы әдістемеге сүйене отырып сараланады. Мәдениет саласында да өзгерістер бар. Енді концерттерде фонограмма қолдануға шектеу қойылмақ. Туындыларды жариялаған кезде авторларды көрсету міндетті. Сондай-ақ кітапхана қорын байыту мен сақтау жергілікті әкімдіктің құзыретіне берілді.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06