Кәсіпкер әйелдерді қолдау жалғасады
Ауылдың іскер әйелдері Ақмола облысында бас қосты. «Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму. Болашақ» атты республикалық форумға еліміздің барлық өңірінен 400-ге жуық қатысушы келді. Шараны Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен «Ауыл» партиясы ұйымдастырды. Форумда кәсіпкерлер бір-бірімен тәжірибе алмасып, бизнес жүргізу мен құқықтық мәселелер бойынша кеңес алды. Депутаттар ауыл әйелдерінің қоғамдағы рөлі жыл сайын күшейіп келе жатқанын және әйелдер кәсіпкерлігін заңнамалық тұрғыда қолдау жалғасатынын айтты.
Ләззат Сүлеймен, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары:
Ауылдағы әйелдердің кәсіпкерлігін қолдауға байланысты, ауылдағы әйелдердің билікке араласуына байланысты да мәселелер көтеріліп жатыр. Осыған біздің комиссия «Ауыл» партиясының басшылығымен бірлесе отырып бір шешімдер қабылдауға ықпал ететін боламыз.
Ләззат Сейткереева, кәсіпкер:
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы сонау Тайпақ деген ауылда жергілік қой жүнін өңдейміз. Менің жұмысымның артықшылығы, керек десе қойдың жүнін үстінен қырқып та аламыз. Соны жуып тазалап, өнімдер жасаймыз. Осы жұмысымның барысын, елімізде игерусіз жатқан қой жүнін игеруге болатынын қыз-келіншектерге айтып, түсіндіргім келеді.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06