Басты Жаңалықтар «Таза Қазақстан»: Мониторинг жүргізу жөніндегі орталық құрылады

«Таза Қазақстан»: Мониторинг жүргізу жөніндегі орталық құрылады

Биыл «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ел бойынша 1250 экологиялық іс-шара өткізілді. 2,8 млн-нан астам ағаш отырғызылып, 1 млн гектардан астам жер тазартылған. Бұл туралы Премьер-министрдің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру мәселелері жөнінде өткізген кеңесінде айтылды. Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы кең ауқымды жалпыұлттық қозғалысқа айналғанын атап өтті. Сондай-ақ әкімдіктер ағашты сапалы отырғызуды қамтамасыз ету және тәлімбақтар құру бойынша тиісті шаралар қабылдауы тиіс. Бақылауды күшейту үшін Үкімет басшысының төрағалығымен «Таза Қазақстан» Президент бастамасының жүзеге асырылу барысына мониторинг жүргізу жөніндегі орталық құрылады. Жауапты мемлекеттік органдар жүргізіліп жатқан жұмыс туралы ай сайын баяндайтын болады.


Бөлісу