Басты Жаңалықтар «World Skills Kazakhstan – 2025» чемпионаты басталды

«World Skills Kazakhstan – 2025» чемпионаты басталды

Астанада «WorldSkills Kazakhstan 2025» республикалық  чемпионаты басталды. Бұл - еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуды көздейтін ең ірі жобалардың бірі. Байқаудың мақсаты — жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру, өндіріс пен нарыққа қажетті нақты дағдыларды қалыптастыру.  Яғни, мұнда колледж студенттері теория емес, тікелей өндірісте қолданылатын тапсырмаларды орындайды. Биылғы бәсекеде еліміздің барлық өңірінен келген 800-ден аса қатысушы  45 түрлі мамандық бойынша бақ сынамақ.  Байқау 4-6 желтоқсан аралығында өтеді. 10 жыл ішінде WorldSkills түрлі мамандықтың маңызын ұқтырып, кәсіби стандарттарды қалыптастырудың үлкен алаңына айналды. 

Әсет Мұханбетов, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры:

Осы республикалық чемпионаттың жеңімпаздары келесі жылы Қытай мемлекеті Шанхай қаласында болатын әлемдік чемпионатқа қатысып, мемлекетіміздің намысын қорғайды. Дүниежүзілік чемпионатқа қатысып, жүлдеген атанатын болса,  елімізге келіп ЖОО тегін, яғни грантта оқуға мүмкіндік алады.


Бөлісу