Басты Жаңалықтар Қазақстанда цифрлық теңгемен алғаш рет несие берілді

Қазақстанда цифрлық теңгемен алғаш рет несие берілді

Қазақстанда цифрлық теңгемен алғаш рет ресми түрде несие берілді. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен Қазақстан Ұлттық банкінің бірлескен «Өрлеу» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие рәсімделген. Бірінші кредитті жылдық 12,6 пайызбен павлодарлық кәсіпкер Виталий Кремберг алды. Ол үй жануарларына арналған гигиеналық заттар және құрылыс пен экология салаларына қажет абсорбент өндіретін кәсіпорын салуды жоспарлап отыр. Цифрлық  несиеде салық тексерістері болмайды, ал ҚҚС қайтару 15 жұмыс күніне дейін қысқарады. Ұлттық банк цифрлық теңгенің мемлекеттік қолдау бағдарламаларының ашықтығын күшейтіп, бизнес пен мемлекет арасындағы сенімді арттыратынын атап өтті. «Өрлеу» бағдарламасына қатысу үшін кәсіпкерлер серіктес банктерге өтінім бере алады. Толық ақпарат 1408 call-орталығында және damu.kz сайтында қолжетімді.


Бөлісу