Импортталатын дәрі-дәрмек шикізатына ҚҚС салынбайды
Импортталатын дәрі-дәрмек шикізаты қосылған құн салығынан босатылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі мәлімдеді.
Ақмарал Әлназарованың айтуынша, мұндай жаңа салық жеңілдігі отандық дәрілік
өнімдердің құнын төмендету және саланы қолдауға бағытталған. Сонымен қатар
ведомство елімізде шығарылатын тауарларды ауруханаларға сатып
алу үлесін ұлғайтуға ниетті. Министрдің ақпаратынша, Қазақстанда 200-ден астам
тауар өндіруші тіркелген. Өткен 10 айдың қорытындысы бойынша олардың өнімділігі
11,7%-ға өсіп, 156 млрд теңгеден асқан. Дәрі-дәрмектің 460 атауын
локализациялауды көздейтін тағы 9 инвестициялық жоба қаралу сатысында тұр.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06