«Алтын-Емел» ұлттық паркіндегі құландар 3,5 мыңнан асты
Жетісу облысындағы «Алтын-Емел» ұлттық паркінде құландар көбейіп келеді. Өңірге бұл жабайы жануарлар алғаш рет 1982 жылы «Барсакелмес» қорығынан жеткізілген. Сол кезде олардың саны небәрі 32 бас болатын. Биылғы санақ кезінде 3,5 мыңнан асқаны анықталған. Бұл еліміздегі керқұландардың ең ірі популяциясы деп есептеледі, - дейді мамандар. Қазіргі таңда жабайы жануарларды өзге аймақтарға жерсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Марғұлан Мұсабеков, «Алтын-Емел» табиғи паркінің бөлім басшысы:
Қыркүйек айында 20 бас құлан «Алтындала» резерватына, 17 құлан «Іле Балқаш» резерватына жерсіндіруге жіберілді. Осы 2006 жылдан бері құланды реинтродукциялау жұмыстары нәтижесінде «Алтынемел» ұлттық паркінен 305 бас құлан бұрынғы мекендеу орталығына жіберілді.
Автор
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06