Ауыл әкіміне қойылатын талап күшеюі мүмкін
Алдағы уақытта ауыл әкімі болуға қойылатын талап күшеюі мүмкін. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай «Ауылдық әкімдердің диалог алаңы» республикалық форумы аясында өтіп жатқан панельдік сессияда мәлімдеді. Айтуынша, мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң жобасы қазір Парламентте қаралып жатыр. Бұдан бөлек жиында жергілікті деңгейде мемлекеттік басқарудың сапасын арттырудың түйткілді мәселелері де талқыланды. Мемлекеттік қызметшілер қатарына сайланбалы мемлекеттік қызметшілер санаты қосылатыны да айтылды. Сонымен қатар, сайланбалы мемлекеттік қызметшілер санатын енгізу және қызметке қабылдау, қызметтен босату тәртібі өзгеретіні сөз болды.
Дархан Жазықбай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:
Жаңа заң жобасында қазіргі таңда ауыл әкімдерінің мәртебесі бойынша олардың әрі қарай қызметін өткеру бойынша, олардың атқаратын функционалдық міндеттеріне байланысты біраз дүние қарастырылған. Яғни, ол әрі қарай да жетілдіріледі. Біздің алға қойған мақсатымыз - ауыл әкімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06