Басты Жаңалықтар Бүгін автолизинг бағдарламасы іске қосылмақ

Бүгін автолизинг бағдарламасы іске қосылмақ

Бүгін көптен күткен автолизинг бағдарламасы іске қосылмақ. Оның автонесиеден айырмашылығы көлікті алғашқы жарнасыз әрі несиесіз ұзақ мерзімге жалға аласыз.

Келісімшарт мерзімі аяқталғанда темір тұлпарды қайта өткізуге немесе қалған берешегіңізді өтеу арқылы сатып алуға болады. Әзірге үстемеақысы нақты қанша пайыз болатыны белгісіз. Дегенмен лизинг берушінің алатын сыйақысы машина құнының 46 пайызынан аспауы тиіс. Мәселен, құны 10 млн теңге тұратын темір тұлпарды 5 жылға жалға алдыңыз. Ай сайынғы төлем 200 мың теңге десек, 5 жылда 12 млн теңге төлейсіз. Көлікке сыйақы мен айыпақының жылдық мөлшері 46 процентті қосыңыз. Яғни келісім-шарт мерзімі біткеннен кейін тағы 2 млн 600 мың теңге төлейсіз. Ресми деректерге сүйенсек, елімізде 5 млн 574 мың автокөлік тіркелген. Соның 80 пайызының зауыттан шыққанына 20 жылдан асқан. Автолизинг осы мәселені шешуге септесу тиіс дейді, мамандар.

Бөлісу