Украина билігіндегі өзгеріс: Ермак майданға баратынын мәлімдеді
Апта соңында Украина президентінің кеңсесін басқарған және В.Зеленскийдің ең жақын серігі дейтін Андрей Ермак қызметінен кетті. Оның алдында Украинаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылымдары Киевте Ермактың үйіне тінткен.
В.Зеленскийдің серігі болған адамдар энергетикалық инфрақұрылымға бөлінген қаржыны жымқыру ісі бойынша күдікке ілініп, қоғам дүр сілкінген, қатты ашуланған. Сол іске «Ермактың қатысы бар» дейтіндер бар.
Ермакты қызметінен алғаннан кейінгі үндеуінде «Ешкімнің Украинаға сұрағы болмағанын қалаймын», – деді Украина президенті.
Кейін Андрей Ермак The New York Post-қа берген сұхбатында «Мен соғыстың алдыңғы шебіне барамын. Кез келген қуғын-сүргінге дайынмын. Маған жағылған күйеге күйінемін. Мен адал адаммын...» деген. Майданға қашан баратынын айтпаған.
Ал АҚШ-тың «Бейбіт жоспарының» қысқа қайырсақ, әңгімесі көбейіп кетті. Уиткофф, Ушаков, Дмитриевтердің телефон әңгімелері «норма» болып тұр. Тоқ етері – ылғи айтып жүргеніміздей, соғысты бастаушы жақтың соғысты тоқтататын ниеті байқалмайды.
Автор
Жайна Сламбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ел жаңалықтарына шолу
25.09.2026, 17:13
Нетаньяху сөз сөйлерде ондаған делегат залдан шығып кетті
25.09.2026, 17:12
Вашингтонда Трамп-Си саммиті аяқталды
25.09.2026, 17:10
Жасанды интеллект мектебі ашылады
25.09.2026, 17:07
«Аналардың жүрегі» сарбаздар аналары кеңесі» көңіл білдірді
25.09.2026, 17:05
Партиялар әскери қызметшілердің жақындарына қаржылай көмек көрсетеді
25.09.2026, 17:04
Дипломатиялық өкілдіктерде ту төмен түсірілді
25.09.2026, 17:03
Қаза тапқан әскери қызметшінің денесі жеткізілді
25.09.2026, 17:02