Басты Жаңалықтар Қазақстан швейцариялық компаниядан 557 жолаушылар вагонын сатып алады

Қазақстан швейцариялық компаниядан 557 жолаушылар вагонын сатып алады

Қазақстан швейцариялық компаниядан 557 жолаушылар вагонын сатып алады. Оның алғашқы тобы жыл соңына дейін жеткізіледі. Бұл екі ел ынтымақтастығындағы маңызды жобаның бірі. Астанадағы «Штадлер Қазақстан» компаниясының базасында жолаушылар вагоны өндірісін локализациялау бойынша жұмыстар жүргізілді. Осы мақсатта 557 жоғары технологиялық вагон жеткізуге келісімшарт жасалған болатын. Бүгін Астанада Қазақстан-Швейцария іскерлік кеңесінің V отырысы өтті. Ауқымды басқосуды вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ашты. Вице-премьер – Қазақстан Швейцарияның, соның ішінде Лугано қаласының, цифрлық валютаны дамытудағы және блокчейн технологиясын қолданудағы тәжірибесіне қызығушылық танытатынын  атап өтті. Отырыс соңында қатысушылар ынтымақтастықты дамытуға және өзара іс-қимылдың әртүрлі саласында екіжақты сауда-экономикалық қатынасты нығайтуға бағытталған бірқатар құжат пен келісімге қол қойды.

Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі:

Швейцария Қазақстан экономикасындағы жетекші инвестордың бірі. Швейцариялық компаниялар энергетика, машина жасау, тамақ және фармацевтика өнеркәсібінде, бірқатар технологиялық салада жұмыс істейді. 2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы шамамен $1,1 млрд-ты құрады. Қазақстан инвесторларға барынша қолайлы жағдай жасауға дайын.


Бөлісу